Хронология

Жылдар (Миләди/Руми)

1888/1304 Сүлеймен Хилми (к.с.), Силистраның Разград ауданы, Фаратлар ауылында дүниеге келді.
1902/1318 Силистрадағы «Рушдия» мектебін тәмамдады. Сатырлы медресесінде дәріс оқуға бастады.
1907/1323 Оқуын жалғастыру үшін Стамбулға келді.
1913 Бафралы Ахмет Хамди ұстаздан жоғары бағамен ижаза алады.
1914/1330 «Дар әл-Хилафат әл-Алия» медресесінің «Қысым Али» (Сахын Саман) бөліміне кіреді. Бірден 3-курстан бастады.
1916/1332 «Медресе әл-Мутахассисиннің» (Сүлеймание медресесі) тәпсір және хадис бөліміне түсті.
1918/1334 «Стамбул ұстазы» атағы берілді.
1919/1335 Сүлеймание медресесінің тәпсір және хадис бөлімін бітірді.
1923 Мәдрәсәтул-Құзатты бітірді.
1926 Туған жері Фаратлар ауылына соңғы рет барып, 40 күн қалды.
1928 Әкесі Осман әфенді қайтыс болды..
1936 «Иршад» (рухани тәрбие) қызметіне бастады.
1939 Алғаш рет ұсталып, қамауда 3 күн өткізді.
1944 Екінші рет ұсталды. Қамауда 8 күн болды.
1949 Құран курсын ашуға, шектеулі мөлшерде болса да, рұқсат беретін заң күшіне енді.
1951 Шехзадебашы деген жерден Кысыклыға көшті. Чамлыжа ауданында, бір кәсіпкердің сарайының 1-ші қабатында алғаш Құран курсы жұмыс істей бастады.
1952 Чамлыжада, Азиз Махмут Худаий мешіті жанында Үскідар мүфтилігіне қарасты алғашқы ресми Құран курсы ашылды.
1956 Алжир мұсылмандарының Француз отарлауына қарсы күрес кезінде, уағызда: «Мұсылман бауырларымызға дұға жасайық», дегені үшін полицияға шақырылып, жауапқа тартылды.
1957 Бурсада орын алған «мәһдилік» оқиғасы бойынша жала жабылып, ұсталды. Күтахия абақтысында 69 жасында, 59 күн қамауға алынды. Іс қозғалды, ақталып шықты.
1959 (16 Қыркүйек, Сәрсенбі) Стамбул Кысыклыдағы үйінде 72 жасында бақилыққа аттанды.