ХАФИД СЫДДЫҚ ӘКБАР ҚАСЫМ (рах.)

Силсиленің үшінші алқасы Қасым бин Мұхаммед (рах.) табиғинан болып, Әбу Бәкірнің (р.а.) немересі. Осман (р.а) халифаттігі кезінде дүниеген келген Қасым бин Мұхаммадның (рах.) лақаб аты «Әбу Абдуррахман».

Анасы Иранның сонғы падшасы Яздежирдның қызы Сәуда. Омар (р.а.) Иранны алғанда тұтқындар арасында Яздежирдның үш қызыда бар еді. Қыздарның бірі Хусейнмен (р.а.) тұрмыс құрды, онан Имам Зейнелабидин дүниеге келді. Екінші қызы Абдулла бин Омарға тұрмысқа шықты оларнан Салим бин Абдулла дүниеге келді. Үшінші қызы Сәуда болса, Әбу Бәкірнің (р.а.) ұлы Мұхаммад мен тұрмыс құрды, одан Қасым дүниеге келді. Олардан дүниеге келген бұл үш бала сол кездің атақты кісілері болған.

Ұлағатты сөздері

Адамдар менен пәтуа сұрайтын, мен оларға бұл мәселені білмеймін десемде, олар қайта сұрайтын. Сол кезде мен оларға: – Алла атымен ант ішемін, сіздердің сұраған мәселені білмеймін. Білетін болсам, айтатын едім. Өйткені білетін мәселені жасырып айытпауым тұра болмайды. Сіздердің сұраған мәселені білмеймін. Адам баласы Алланың парыздарын үйрендіктен соң «жәһіл» (білімсіз) болып қалуы, өзі білмейтін мәселелерде пәтуа беруынан тағыда жақсы – деп айтатын едім.

Қайтыс болуы

Өмірінің соңында өте арықтап кетген еді. Қажылық немесе ұмра үшін Мекке Мукәррамаға келе жатқанда һижри 106 (м.724) жылында 72 жасында Мекке Мукәррама мен Мәдина Мунәууара аралығында Қудейд деп аталатын жерде қайтыс болды. Ұлы әкесіның жаназасын арқалап алып 5 км. алыстаға «Мүшәллел» деген жерге алып барды және осы жерге жерледі.