Бақилық болуы және мүбарак қабірі

Хазірет Әбул-Фаруқ Сүлеймен Хилми ТУНАХАН (Қ.С.) (СИЛИСТРАУИ) 1959 жылы 16 қыркүйекте сәрсенбі күні (хижри 13 раби ул-әууал 1379) ақшам намазынан кейін 72 жаста Кысыклыда өз үйінде қайтыс болды. (қаддасаллаһу сиррахул-азиз).

Сүлеймен Хилми Тұнахан (к.с.), Стамбулдың Фатих ғұламаларынан саналғандықтан, Фатих мешітінің ауласындағы қабірге жерленуі үшін министрліктен рұқсат алынады. Бірақ, сол кездегі Ішкі Істер Министрі Намык Гедиктің қарсы болуына байланысты, Қаражаахмед зиратына, полицияның қазып, дайындап қойған жеріне жерлеуге мәжбүр етеді. Ал қазірде жеті мәрмәр бағананың үстіне орнатылған, айналасы ашық күмбезді мүбарак қабірі, бүгінде дүниенің түкпір-түкпірінен келген мұсылмандардың зиярат ететін орнына айналды.

Алла Тағала барша мұсылмандарды шапағатына бөлесін.