ҚОЖА МҰХАММЕД ЗАҺИД БАДАХШИ (қ.с.)

Силсиленің он тоғызыншы алқасы Мәулана Мұхаммед Заһид Бадахши (қ.с.) Яқуб Чархинің (қ.с.) немересі, қызының баласы болады. Хисар аймағында (Өзбекистан, Сурхандария обл.) Уахшыуар (Уахш) ауылында дүниеге келді.

Қайтыс болуы және қасиетті қабры

Қожа Мұхаммед Заһид Бадахши (қ.с.) һижри 936 (м.1529) жылы Уахшыуар (Уахш) ауылында қайтыс болды, осы ауылға жерленген.