Силсиленің жиырма сегізінші алқасы Абдулла Деһлеуи (қ.с.) һижри 1158 (м.1745) жылы Ұндістаннің Пенжаб аймағында, Тебале елді мекенінде дүниеге келді. Шежересі Али (р.а.) барып қосылады.
Ұлағатты сөздері
«Фақырлықта» — «фақа»нің (жоқтық) «фа» әрбі, қанағаттың «қаф» әрбі, риязаттың «ра» әрбі бар. Осылар мен амал ететін адам «фазыл иләһи»нің «фа» әрбіне, «құрбет иләһи»нің «қаф» әрбіне, «рахмет иләһи»нің «ра» әрбіне әрбіне қол жеткезеді.
Бір күні (халалдығы) шүбәлі бір тамақ жедім. Шәмсуддин Хабибулла (қ.с.) мен кездестім, маған жеген тамағымды құсып тастауымды әмір етті және «кез келген жержен тамақтануға болмайды» — деді.
Қайтыс болуы және қасиетті қабры
Абдулла Деһлеуи (қ.с.) қайтыс болар кезінде «басур» ауруы зорая бастады, Лакнау қаласынан Әбу Саидны (қ.с.) орнына қалтыру үшін қысқа уақытта, бір неше рет хат жазып жібереді. Әбу Саид (қ.с.) тезде жетіп келеді. Құзырында келгенінде жалпы «иршад» үшін өкілеттік берді.
Ауруы зорайған кезде зікрні жалғастыруды, көркем ахлақты болуды, салауатты өмір салтын, Алланың жазмысына рыза болуды, «неге былай болды?», «былай болғанда…» сияқты сөздермен қарсы келудан бет буруды, бауырластарымен бірге болуға ұмтылуды, қанағатты болуды, мойынсунуды өсиет етті. Бұл насихаттарын әрі қалам мен жаздырып, әрі сөзмен айтатын еді.
Һижри 1240 (м.1824) жылы Сафар айының 22 күні Әбу Саидны (қ.с.) тезде алдына шақырытты. Отырып басын Әбу Саидның (қ.с.) көкрегіне қойып, осы жағдайда қайтыс болды. Жаназа намазыны Әбу Саид (қ.с.) оқытты. Дели қаласына ұстазы Шәмсуддин Хабибулла (қ.с.) қабры жанына жерленді.