Еңбектері
Сүлеймен Хилми (к.с) көп еңбек жазып қалдырмаған. Не үшін кітап жазбағаны сұралғанда, былай деп жауап береді:
«Сәләф ғалымдарының шамның жарығымен жазған баға жетпес еңбектерінің топыраққа көміліп шірігенін, қоқысқа тасталғанын, кейбіреуінің кітапхана сөрелерінде шаң басып, тозып кеткенін көрдім. Медреселері жабылып, жазуы ауысып, дін білімдері жоғалуға шақ қалған заманда кітап жазғаннан қарағанда, жазылғандарды түсініп, түсіндіретін, білімді қағаз бетінен жүрекке салатын шәкірттерді, былайша айтқанда «тірі кітаптарды» жетілдіруді жөн көрдім».
Мұнымен қоса хазірет Сүлеймен Хилми Тұнаханның (к.с.) жазған еңбектері мыналар:
- «Құран әріп және әрекелері». Құран кәрімді оқуды аз уақытта үйрететін ерекше тәсілмен жазылған кітапша. 1958 жылы басылған Құран Кәрім оқуды үйрететін әліппе. Осы әліппемен бүгінге дейін миллиондаған адам Құран кәрім оқуды үйреніп, әлі де өз жалғасын табуда.
- Рисала Кибрит Ахмәр және Рисала Иксир Улум ве Маррифет
- Мектуплар ве Базы Маса-йлі Мухиммә
Соңғы екі кітап тасаууф жайында жазылған еңбек. Бұл екеуін Мәктубат Имам Раббани кітабының түйіні ретінде қарастыруға болады.
- Амма жүзін (30-шы пара) тәпсір еткен кезде шәкірттері тарапынан алынған жазбалар.
- Фатиха, Мүлік, Нұр, Ахзаб, Қиямә т.б. сүрелерді тәпсір еткен кезде шәкірттері тарапынан алынған жазбалар.