ӘБУ ЯЗИД ТАЙФУР БИСТАМИ (қ.с.)

Силсиленің бесінші алқасы Әбу Язид Тайфур Бистаминың (қ.с.) аты Тайфур, лақаб аты Әбу Язид, атағы «Сұлтан ұл-Арифин», әкесінің аты Иса. Һижри 188 (м.803) жылында Ираннің солтүстігінде, Каспий теңізі маңайындағы Бистам қаласында дүниеге келді. Адем мен Али атында екі інісі бар еді. Үшеуіде ғабид және тақуа иесі болған.

Баязид Бистами (қ.с.) Үуейси болған. Оны Жафар Садықның (рах.) руханиеті тәрбиелеген.

Ұлағатты сөздері

Хаққа жеткендер әдеп-құрметке мән берумен жеткен. Қуылғандар құрметсіздіктері үшін қуылған.

Бір кісі келіп: — Маған аманда болуыма себеп болатын нәрсені үйретші – деді. – Осы екі нәрсені жақсы үйрен. Осыны жақсылып білсең басқа нәрсе керек емес; Алла тағала сені біледі, сені және амалдарыңды әр уақытта көріп тур – деп жауап ерді.

Саған істеген күнелерің қалай зиян берсе, мұсылман бауырыңды менсінбей, төмен санауың дәл сондай зиян береді.

Қайтыс болуы және қасиетті қабры

Баязид Бистами (қ.с.) һижри 261 (м.874) немесе 264 (м.877) жылы дүние салды. Қасиетті қабры бір неше жерде болғандығы айтылсада, негізі Бистам қаласында.