ҚОЖА УБЕЙДУЛЛА АХРАР (қ.с.)

Силсиленің он сегізінші алқасы Қожа Убейдулла Ахрарның (қ.с.) әкесінің аты Қожа Мұхаммед, атасының аты Қожа Шаһабуддин. Толық аты жөні; Насируддин Убейдулла Ахрар Шаши Самарқанди. Убейдуллаһ Ахрар (қ.с.) һижри 806 (м.1404) жылы Ташкенттің Бағыстан ауылында дүниеге келді. Шейх Омар Бағыстани (қ.с.) ана тарапынан атасы болып, шежересі он алтыншы атасында Абдулла бин Омар бин Хаттабға (р.анһум) қосылады.

Қожа Убейдуллаһ Ахрар (қ.с.) нағашысы былай дейді: — Убейдулла дүниеге келген кезде анасы нифас жағдайындан ғұсыл алып тазаланмағанша анасын көкрегін алмаған, қырық күн сүт еммеген.

Ұлағатты сөздері

Адамның құны – осы топты (Нақшыбендия ұлықтарын) түсінгені мөлшерде болады.

Кәміл және жетік кісінен бір амал үйреніп оны орындауды жалғастырған, осы амалымен жоғары дәрежелерге жетеді.

Адамдар кәмілдікке жетуды «Әнәл Хақ» деп айтуда деп ойлайды. Негізінде кәмілдікке жету көңілінен «әнә» (мен деген сөзді) шығарып тастау мен болады.

Қайтыс болуы және қасиетті қабры

Убейдулла Ахрар (қ.с.) һижри 895 (м.1490) жылы Рабиғ ұл-Әууал айының соңғы күндерінде Каманкеран атты жерде қайтыс болды. Сексен тоғыз жыл өмір сүрді. Сексен тоғыз күн ауырып жатты.

Сұлтан Ахмет Мырза, Убейдулла Ахрар (қ.с.) ауыр ахуалда жатқанын есітіп жұма күні барлық бийліктегі адамдарымен көру үшін жолға шығады. Ақшам намазы уақытысында Каманкеранға жетіп келеді, Убейдулла Ахрарды (қ.с.) соңғы рет көреді. Қайтыс болған кеші ерте таңда жаназасын Самарқандға алып келіп осы жерде жаназа намазын оқып, Кашфир махалласына жерленеді. Қасиетті қабры Самарқандда.