ҚОЖА СЕЙИД ӘМИР КУЛАЛ (қ.с.)

Силсиленің он төртінші алқасы Сейид Әмир Кулал (қ.с.) Бұхараның Сухар ауылында дүниеге келді. Туған жылы туралы анық мәлімет жоқ. Құмыра жасап тірікшілік жасағандықтан құмырашы мағнасына келетін «Кулал» атымен аталған. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ұрпағынан болғандықтан «Сейид» атыда қоса айтылады. Әкесінің аты Әмир Хамза.

Анасынан:

Оған жүкті болғанымда, күдікті бір нәрсе жеп қойсам, құрсағымда қатты бір ауру сезінетінмін. Осы жағдай бін неше рет қайталаған соң құрсағымдағы бала ерекше бала екендігін түсініп жеттім. Осынан соң жеген әр тамақта мұқият болып баламды үміт пен күте бастадым.

Қайтыс болуы және қасиетті қабры

Сейид Әмир Кулал (қ.с.) һижри 772 (м.1370) жылы Жәмазил Әууал айының 8 күні дүниеге келген Сухар ауылында қайтыс болды. Қасиетті қабры Бұхараның Баһауддин ауылы жақынында.