ҚОЖА МҰХАММЕД БАҺАУДДИН НАҚЫШБЕНД (қ.с.)

Силсиленің он бесінші алқасы Қожа Мұхаммед Баһауддин Нақышбендның (қ.с.) толық аты жөні; Мұхаммед бин Мұхаммед бин Мұхаммед Баһауддин Шаһ Нақышбенд әл-Үуейси әл-Бұхари болып, һижри 718 (м.1318) жылы Бұхара маңындағы, кейінен «Қаср Арифан» деп аталатын, ол кездегі «Қаср Хиндуан» ауылында дүниеге келді. «Сейид» болып, шежересі Имам Жафар Садық (рах.) арқылы Али (р.а.) қосылады. Лақаб аты «Бәлегердан».

Білім алуы, қол беруы мен «иршад» уазыпасы

Жас кезінде, Қожа Мұхаммед Баба Самаси (қ.с.) рухани әулеттікге қабыл еткен. Шаһ Нақышбенд (қ.с.) тариқат негіздерін Қожа Сейид Кулалдан (қ.с.) алған. Бырақта Шаһ Нақышбенд (қ.с.) негізінде «Үуейси» болған, оны Қожа Абдулхалық Ғыждуани (қ.с.) руханияты тәрбиелеген.

Шаһ Нақышбенд (қ.с.) Ханафи мәзһабында болған. Қожалар силсилесінде Қожа Махмуд Инжир Фағнауидан (қ.с.) бастап Сейид Әмир Кулалға (қ.с.) дейін «зікр хафи» мен «зікр жәһри» бірге қоса орындала келген. Бұл силсиледе олар «Аланийюн» деп аталады.

Шаһ Нақышбенд (қ.с.), Қожа Абдулхалық Ғыждуаниның (қ.с.) руханиетіне қол беріп оның рұқсат және әмірі мен «зікр алания»ны толық тоқтатып «зікр хафи» ны орындады. «Зікр хафи» муриттернің жүрегінде үлкен әсер еткен. Бұл әсерлену «нақышқа» (ою), зікр болса, бұл әсерленуді жеріне орналастыратын «бенд»ге (бау) ұқсатылады. (Зікрді) муриттердің жүрегіне өшпейтіндей етіп орналастырғаны үшін оған «Нақышбенд» деген ат берілген.

Тағы бір рауаятта Шаһ Нақышбендның (қ.с.) әкесі «Наққаш» (ою салушы) болған. Жас кезінде әкесінің осы өнеріні меңерді. Кейін: – «Сен бұл үшін жаратылмадың, бұған әмір етілмедің» – деген бұйрық аян болған соң, ою сүрет салуды тастап, (жүректерге) «хақ оюын» (зікір) салуға бастағандықтан «Нақышбенд» деп аталды. Муриттерінің жүректеріне Алла тағаланың махабатын ою сияқты орналастырғаны ұшін бұл ат берілген деп те айтылған.

Шаһ Нақышбенд (қ.с.) мен байланысы, қатынасы болғандарға «Нақышбенди» деп айтылады. Бұл тариқатға «Тариқат Нақышбендия» деніледі. Әмир Кулал (қ.с.) барлық муриттерінің қасында оған мейрімен былай дейді: – Балам Баһауддин! Қожа Мұхаммед Баба Самаси (қ.с.) сен туралы айытқан әмірлерін орындадым. Маған айытқан еді: – Мен саған қалай тәрбие берген болсам, сенде балам Баһауддинге солай тәрбие бер. Бұл мәселеде мұлде қателікке жол қойма. Кеудесін көрсетіп: – Сен үшін осы жерімді босалыттым – деді.

Ұлағатты сөздері

Шаһ Нақышбенд (қ.с.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) – «Адамдар сенен көруді қаламайтын іс әрекетті, жалғыз қалған кездеде істеме» – деген хадис шәріпін былай түсіндіретін: – Алланың педелері бос және еш кім жоқ болған мекендерді басқалар бар сияқты көруы керек. Адамдарның қасында қалай әрекет етсе, жалғыз қалған кездеде солай әрекет етуы керек.

Біздің жолымыз – өте аз, өте сирек табылатын жол, Пайғамбарымыз (с.а.у.) сүннетіне бекем жапысу, сахабалар басып өткен жолындан басқа бір жол емес.

Достарымыздың кемшіліктеріне қарайтын болсақ, доссыз қаламыз. Өйткені еш кім айып кемшіліктернен пәк емес.

Қайтыс болуы және қасиетті қабры

Қожа Алауддин Аттар (қ.с.) былай деген: – Қожа Әзіреттері аманатын тапсырар кезде жанында отырып «Ясин» сүресін оқуға бастадым. Жартысына келгенде нұр тарата бастады. «Кәлима таухид» айытқанан соң жан тапсырды.

Шаһ Нақышбенд (қ.с.) дүниеге келген ауылы Қаср Хиндуанда Раби ұл-Әууал айының 3 күні һижри 791 (м.1389) жылы қайтыс болған. Қайтыс болғанында жетпіс үш жасын тәмамдап жетпіс төрт жасқа толған еді. Қасиетті қабры Бұхараның Баһауддин ауылында.