Силсиленің он үшінші алқасы Қожа Мұхаммед Саммаси (қ.с.) Рамитан мен Бұхара ортасындағы Самас ауылында дүниеге келді. Туған жылы туралы анық мәлімет жоқ. Ақыл және нақыл жолымен алынатын барлық білімдерді меңерген үлкен ғалым еді. Кейінен Али Рамитаниге (қ.с.) қол беріп, оның уағыз насихаттары мен жоғары дәрежелерге жетісті. Қожа Али Рамитани (қ.с.) қайтыс боларынан алдын өзінен кейін халифа ретінде Қожа Мұхаммед Баба Самасины (қ.с.) тағийындап «иршад» аманатын оған өсиет етті.
Қайтыс болуы және қасиетті қабры
Қожа Мұхаммед Саммаси (қ.с.) һижри 755 (м.1354) Самас ауылында қайтыс болды. Қасиетті қабры Бұхараның Рамитан ауданында.