ҚОЖА АЛИ РАМИТАНИ (қ.с.)

Силсиленің он екінші алқасы Қожа Али Рамитани (қ.с.) Бұхара жақыныда Рамитан қаласында дүниеге келді. Лақаб аты «Азизан». Али Рамитани (қ.с.) тоқымашы болғандықтан «Қожа Нессаж» депте аталады. Діни білімдерді тәмамдағанан соң Махмуд Инжир Фағнауиға (қ.с.) қол берді. Ұстазы Инжир Фағнауи (қ.с.) қайтыс болардан бұрын «иршад» уазыпасын Али Рамитаниға (қ.с.) аманат етіп, басқа шәкірттеріні оған жөнелтті.

Ұлағатты сөздері

Мурид жоғарғы дәрежелерге жету үшін риязат (нәпістің қалауларын орындамау) мен мужаһададан (нәпістің қаламаған нәрселерін істеу) басқа тағы бір жол бар. Бұл жол мен мақсатқа тез жетуға болады. Бұл тәсіл; Көркем әдеп немесе лайықты бір қызмет атқару мен муршид кәмілнің (ұстаз) көңілін табу мен болады. Өйткені бұл тариқат пирлерінің көңілі Алла Тағаланың назар аударатын орны. Ол жерде болғандар міндетті түрде Алланың назарына түседі.

Кісі амалдарды орындауы керек. Бырақта амалдарды орындағанда еш нәрсе орындай алмағанын, қате және кемшіліктерін мойындап, қайта амалдарды орындауды жалғастыруы қажет.

Екі уақытта абай болыңыздар; Бір сөйлеген кезде, екеншісі тамақтанған кезде.

Қайтыс болуы және қасиетті қабры

Қожа Азизан (қ.с.) һижри 721 (м.1321) жылы Зилқағда айында жүз отыз жасында қайтыс болды. Қасиетті қабры Бұхараның Рамитан ауданында.