Силсиленің тоғызыншысы Қожа Абдулхалық Ғыждуани (қ.с.) Юсуф Хамаданинің (қ.с.) төртінші халифасы, Қожалар жамағатының алғашғысы, Нақшыбендия силсилесінің басшысы.
Бұхараға 50 шақырым алыста орналасқан Ғыждуан қаласында дүниеге келді. Қожа Абдулхалық Ғыждуаниның (қ.с.) туған жылы туралы анық мәліметтер жоқ. Әкесінің аты Абдужәмил. Имам Абдужәмил есмі мен атақты болған бұл кісі Имам Мәліктің (рах.) ұрпағы болады.
Заманасының атақты кісілерінен болып барлық білімдерді меңерген ғалым кісі еді. Имам Абдужәмилның жұбайы Рум мемлекетінің патшаларының қызы болған. Рум мен Шам жерлерінде болған оқиғаларнан соң барлық туған тұыстарымен Мауәрауннәһрға көшіп келді. Бұхараға келіп Ғыждуанға орналасты.
Имам Абдужәмил мен Хызыр (а.с.) арасында рухани бауырластық бар еді. Бір рет кездескенде Хызыр (а.с.) оған жақын арада бір ұлы дүниеге келетінін сүйішілеп, есміні Абдулхалық деп қоюды айтады. Ғыждуанға жерлескен соң Абдулхалық Ғыждуани (қ.с.) дүниеге келеді. Ғыждуанда үлкейді, алғашқы білімін Бұхарада алды.
Парыз намазнан кейін дұға
Бір күні алыс жерден алдына бір жолаушы келді. – Қожа Әзрет! Маған ақыретке иман мен кетуым үшін дұға беріңіз. Шайтанның тұзағынан аман сау болайық – деді. Қожа Абдулхалық Ғыждуани (қ.с.): — Алла Тағала парыз намаздарынан кейін жасалатын дұғаларды қабыл ететінін тұралы сөз берген. Сен парыз намаздарынан соң бізге дұға ет, бізде парыз намаздарынан кейін саған дұға етейлік. Осылай болса біз мен сіздің дұғаларымыз қабыл болғандығының әсері орта шығады. Табыс тек Алла Тағаладан – деген.
Нақшыбендия тариқатының ережелері
Нақшыбендия тариқатыны құрастырған осы сегіз негіз, оның ережелері болады табылады.
- Хуш дәр-дәм,
- Назар бәр-қадам,
- Сәфәр дәр-уатан,
- Халует дәр-аржуман,
- Яд кәрд,
- Баз гашт,
- Нигаһ дашт,
- Яд дашт
Нақшыбендия тариқаты тағы үш ережесі бар олар; Уқуф замани, Уқуф адади, Уқуф қалби. Барлығы он бір негізнен тұрады.
Қайтыс болуы және қасиетті қабры
Қожа Абдулхалық Ғыждуани (қ.с.) һижри 575 (м.1180) жылында қайтыс болды. Ғыждуанға жеоленген. Қайтыс болған жылы әбжед есебімен «Махбуб Нәби Мүжтәба» сөздеріне тура келеді. Қасиетте қабры Өзбекістаннің Бұхара – Самарқанд жолында Ғыждуан ауданында.