ШЕЙХ ӘБУ ХАСАН ХАРҚАНИ (қ.с.)

Силсиленің алтыншы алқасы Әбу Хасан Харқани (қ.с.) үлкен ғалым, өз заманасының құтбы болған. Аты Али бин Жафар, лақаб аты Әбу Хасан. Бистам қаласының маңындағы Харқан елді мекенінде дүниеге келген. Сол себебті Харқани деп аталады. Әбу Хасан Харқаниның (қ.с.) туылған жылы нақты анық емес, бырақта һижри 352 (м.963) жылы туылғандағы айтылады.

Ұлағатты сөздері

Дүниеде ғалымдар мен ғабидтер көпшілік. Бырақта Алла Тағаланың рыза болатын амалдарды орындап күнні кеш қылып, таңны аттыру керек. Яғни барлық уақытта Алла тағала рыза болатын амалдарда орындау керек.

Таң атқанан күн батқанға дейін мұсылман бауырны ренжітпеген кісі сол күнді Пайғамбарымыз мен (с.а.у.) өткерген сияқты болады. Егерде бір мұсылман бауырыны ренжітсе Алла Тағала оның сол күні жасаған ғибыдаттарын қабылдамайды.

Қайтыс болуы және қасиетті қабры

Қайтыс болар кезінде шәкірттеріне қабрын үш аршын тереңдікте қазуын өсиет еткен. Себебі: – Бұл жер Бистам қаласынан бийіктеу. Қабрым, ұстазым Баязид Бистами (қ.с.) қабрынан бийік болуы әдепке тура келмейді – деген. Шейх Әбу Хасан (қ.с.) һижри 425 (м.1033) 10 Мухаррам айының серсенбе күні 73 жасында қайтыс болды.

Қасиетті қабры Қарс қаласында, «Қағызман қапысы» деген жерде. Зияраты Қарста болғандығын Әулие Челеби «Саяхатнаме» атты еңбегінде және басқада кітаптарда айтылған. Кейбір рауаттарда зияраты Харқан қаласында болғандығы айтылады.