ШЕЙХ ХАФИЗ ӘБУ САИД САХИБ (қ.с.)

Силсиленің жиырма тоғызыншы алқасы Шейх Әбу Саид Сахиб (қ.с.) һижри 1196 (м.1782) Зилқағда айының 2 күні Үндістаннің Рампур қаласына қарайтын Мұстафабад деген мекенде дүниеге келді. Шежересі Имам Раббаниге (қ.с.) қосылады. Әкесінің аты Сефи үл-Қадр.

Қайтыс болуы және қасиетті қабры

Көптеген рухани табыстар, жетістіктер мен Мәдина Мунәууарадан отанына қайту үшін жолға аттанды. Лакнау қаласына келгенде ауруы күшейді. Һижри 1250 (м.1835) жылы Рамазан айт күні аманатты тапсыру уақыты жақындағаны анық бола бастады.

Сапар кезінде жанында болған ортанша ұлы Шейх Абдулғаниға; сүннетке бағынышты болуды, дүниеге берілгендернен аулақ болуды өсиет етті. «Дүниеге берілгендернің есігіне сен баратын болсаң қор боласын» — деді. Кейін: «Қайсы намаздың уақытысы?» — деп сұрады. Мәулана Хабибуллаһ: «Намаз оқуға болады» — деді.

Әбу Саид (қ.с.) түнді намаз оқумен өткерді. Песін намазынан кейін «Ясин» сүресіні оқылуын қалады. «Ясин» сүресін үш рет тыңдады. «Болды, аз қалды» — деді. Кәлиме шаһадатты қайталай берді. Һижри 1250 (м.1835) жылы Рамазан айты күні песін мен екінті уақыты аралығында қайтыс болды. Мәулана Хабибулла мен басқа кісілер мәйітті жуу істерімен шұғылдана бастады.

Мәйіт жуылып кепенденгенен соң, Қазы Халилрахман жаназа намазыны оқыды. Мәйіт қырық күн жол басып Дели қаласына алып келінді. Делиде мәйітті табыттан шығарып жерлеген кезде, жаңа жуылғандай еш қандай өзгеріс болмаған еді. Мәйіттің астына қойылған мақтадан әдемі іс келіп тұратын. Қасиетті қабры Дели қаласында Шейх Абдуллаһ Деһлеуиның (қ.с.) қабры қасында. Қайтыс болған жылы әбжед есебімен «Йунәууирул-лаһә мәжзәаһу» сөзінің жийындығы болды.