ШЕЙХ САЛАХУДДИН БИН МӘУЛАНА СИРАЖУДДИН (қ.с.)

Силсиленің отыз екінші алқасы Салахуддин бин Мәулана Сиражуддин (қ.с.) Қырғызстанның Ош қаласында туылған. Өлеңдерде «Сақиб» лақаб аты қолданылғаны үшін Салахуддин Сақиб деп аталған. Әкесі Мәулана (Мәулеуи) Сиражуддин (қ.б.ж. һижри 1296 (м.1879)), оның әкесі Хал Мұхаммед Оши (қ.б.ж. һижри 1271 (м.1854-55)), оның әкесі атақты сопы-ақын Қожа Назар Хувайда Чимяни (қ.б.ж. һижри 1195 (м.1781)), оның әкесі Ғаиб Назар, оның әкесі Ер Назар, оның әкесі Түлек Мұхаммед Суфи, оның әкесі «Шейх Ил» атымен танымал болған Құл Сүлеймен. Салахуддин Сақиб (қ.с.) 1838 жылы Ош қаласында дүниеге келген.

Қайтыс болуы және қасиетті қабры

Қажылықтан келгенен аз уақыт кейін һижри 1328 (м.1910) жылында Ошта қайтыс болды. Қабры Қырғызстанның Ош қаласы, Шарқ махалласында бір төбеде орналасқан «Сармазар» қабрыстанында. Қабры кеңес одағы кезінде бұзып тасталған еді. Осы жақындарда қабры қайта жаңартылды.

Қайтыс болған жылы әбжед есебімен мына өлеңдерге тура келеді:

Парысша: «Мәскән у мағуа майан шүд биһишт» – «Біздің мекеніміз – жұртымыз жаннат болды». Қоқанд қаласының атақты ақындарынан болған Қажы Мухйиның мына өлеңі: «Уасыл-ы Хақ жәннәт мәаб Сақиб» – «Сақиб Хақ мен қауышты, жайы жаннат болды». Үшінші өлең: «Билинг тарихи Шайх Сақиб бәмағфур» – «Біліңдер, Шейх Сақибның қайтыс болған жылы «бәмағфур» сөзі.