ШЕЙХ МҰХАММЕД НҰР БЕДУАНИ (қ.с.)

Силсиленің жиырма алтыншы алқасы Шейх Мұхаммед Нұр Бедуани (қ.с.) сейид болып, заманасының барлық ғылымдарын меңерген үлкен ғалым болған. Мұхаммед Масумның (қ.с.) ұлы Шейх Сейфуддинге (қ.с.) қол берген, көп жылдар оның қызметінде болған, ұстазының қасында жоғары мәртебелерге жетіскен. Мұхаммед Масум (қ.с.) халифаларынан Мұхаммед Мухсиннің (қ.с.) сұхбатында да болған.

Қайтыс болуы және қасиетті қабры

Мұхаммед Бедуани (қ.с.) һижри 1135 (м.1723) жылы Зилқағда айының 11 күні қайтыс болған. Қасиетті қабры Үндістаннің Дели қаласында.