ШЕЙХ МАЗХАР ЖАНЫ ЖАНАН (қ.с.)

Силсиленің отыз бірінші алқасы Мазхар Ишан Жаны Жанан (қ.с.) Ахмед Саиднің (қ.с.) кіші ұлы. Һижри 1248 (м.1832) жылы Дели қаласында дүниеге келді. Атасы Шейх Әбу Саид (қ.с.) оның «Мұхаммеди машраб» болғандығын белдіру үшін «Мазахир Мұхаммеди» сөзін әбжед есебімен жазып қойған және оған Мазхар Мұхаммед деп ат берген.

Қайтыс болуы және қасиетті қабры

Һижри 1301 (м.1883) жылы Мухаррам айының 12 күні ақыретке қоныс аударды. Ертесң күні үлкен бір жамағат мен жаназа намазы оқылып «Жаннат ұл-Бақиғ» қабрыстанына әкесі Ахмед Саид (қ.с.) қабрының жанына жерленген.