ИМАМ РАББАНИ МУЖӘДДИД ӘЛФИ САНИ АХМЕД ФАРУҚ СӘРХӘНДИ (қ.с.)

Силсиленің жиырма үшінші алқасы Имам Раббани (қ.с.) һижри 971 (м.1564) жылы Ашура күні Үндістаннің Сәрхәнд қаласында дүниеге келді. Әбжед есебімен «Хашиғ» сөзі туылған жылыны көрсетеді. Аты Ахмед, әкесінің аты Абдулахад, атасының аты Зейнелабидин. Лақаб аты Бәдруддин, Әбул Берекет. Шежересі 28 атанан кейін Омар (қ.с.) қосылады.

Мұхаммед Бақибилла (қ.с.) оған «Имам Раббани» есімін бергендіктен, «Имам Раббани» атымен аталады. Һижри екінші мың жылдың мужәддид (жаңартушы) болғандықтан «Мужәддид Әлфи Сәни» деген ат берілген. Бұл атты оған алғаш берген Үндістан ғұламасынан Абдулхаким Сиялкути (қ.с.) болған. Ислам білімдері мен тасаууф ғылымын бірлестіргендіктен «Сыла» деген ат берілген. Омар (р.а.) ұрпағынан болғандықтан «Фаруқи» денілген. Сәрхәнд қаласында туылғандықтан «Сәрхәнди» деніліді. Барлық атаулармен аты: Имам Раббани Мужәддид Әлфи Сәни Шейх Ахмед Фаруқ Сәрхәнди (қ.с.)

Ұлағатты сөздері

Қыяметке дейін біздің Силсилемізден келетін муриттернің барлығының аттарын Алла Тағала маған аян етті. Бұл жол қыямет таңына дейін әулеттеріммен жалғасады.

Бұл тариқат жолына кіріп әдептеріне құрмет көрсетпеген, бидғаттар шығарған, бұл жолда көп нәрсе жоғалтып зиян көреді.

Маған аян болды: «Саған берілген ерекшеліктер мен кәмілдікке Мәһди (а.с.) келгенге дейін сенен басқа еш кім жеталмайды».

Бір кісі ауада ұшып немесе суның үстінде жүрсе, бырақта мустахаб амалдарын бірін орындамаса бұл жолда еш қандай обыройы болмайды.

Имам Раббанинің (қ.с.) «Мәктубат» кітабында намаз жайлы

Мұсылманның миғражы болған намазға, толық дәрет алғанан кейін намазға ниет етуі керек. Парыз намаздары жамағат мен оқуға, «ифтитах тәкбіріні» имам мен бір уақытта алуға мән беру керек. Осылайша намаздарды мустахаб уақыттарда оқу, қарағатты сүннет болған мөлшерде оқуға мән беру керек.

Рұкуғ мен сәждеде «тағдил әркан»; әр ағзаның толық тыным алуы қажет. «Қаумада» (Рукуғдан турғанан соң тік туру) әр ағза толық жеріне келгенен соң ағзаның толық тыным алуына, «қаумада» болғаны сияқты екі сәжде арасында «тағдил әрканға» мән беру керек.

Рұкуғ мен сәждеде тәсбіхтерді ең азымен үш реттен немесе жеті, он бір рет оқылады. Имам тәсбіхтерді жамағаттың жағдайына қарай оқыйды. Жалғыз намаз оқыған адам мүмкіншілігі болса тәсбіхтерді ең аз үш рет оқуыдан уялуы керек, ең кемінде бес немесе жеті рет оқуы қажет.

Сәждеге барғанда бірінші болып, жерге жақын ағзасын жерге қояды. Бірінші тізелерін, кейін қолдарын, мұрнын және маңдайын жерге қояды. Қолдары мен тіздерді оң жақтан бастап, сәждеден турған кезде ең жоғары ағзасынан бастуы керек. Сәждеден турғанда бірінші болып маңдайын көтереді.

Қыямда сәжде орнына, рұқуғда аяқ ұштарына, сәждеде мұрының екі жанына, соңғы отырыста қолдарының ұшына қарау керек. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) риуаят болғандай намаз оқыған адам көздерін бір жерге нақтылап, жан жаққа қарамайтын болса, толық намаз оқу мүмкіншілігі болады және намазда «хушу» болады.

Рұкуғда саусақтар арасыны ашық, сәждеде жабық турде ұстау сүннет болады. Рұкуғда саусақтар арасыны ашық, сәждеде жабық турде ұстауның көптеген пайдалары болғандықтан Пайғамбарымыз (с.а.у) әмір еткен.

Қайтыс болуы және қасиетті қабры

Имам Раббани (қ.с.) һижри 1034 (м.1624) жылы Сафар айының 28 күні 63 жасында Сәрхәнд қаласында қайтыс болды. Қасиетті қабры Үндістанда Пенжаб аймағы Сәрхәнд қаласында.