Силсиленің төртінші алқасы Жафар Садық (рах.) қасиетті Рамазан айының 8 күні һижри 80 (м.699) жылы Мәдина Мунәууарада дүниеге келді. «Әһл Бейттен» болған Жафар Садық (рах.) сөзінде тұратын, тұрашылдығы үшін «Садық» деген атмен атақты болған. Лақаб аты «Әбу Абдулла, Әбу Ысмаил» болған.
Жафар Садық (рах.) ата тарапынан Али (р.а.) барып тақалады. Шежересі мынадай; әкесі Мұхаммед Бақыр, оның әкесі Али Зейнелабидин, оның әкесі Хусейн, оныңда әкесі мұсылмандардың әмирі Али (р.а.).
Анасы Үммі Фәруа тарапынан аталары Әбу Бәкірға (р.а.) барып қосылады. Анасының әкесі Силсиленің үшінші алқасы Қасым бин Мұхаммед (рах.), Әбу Бәкірнің (р.а.) немересі.
Жафар Садық (рах.) табиғинен, сахабалардан Әнес бин Малик мен Сәһл бин Сағд (р.анһум) көрген. Имам Ағзам Нуғман бин Сәбіт (рах.) Жафар бин Садыққа (рах.) қол берген. «Екі жыл болмағанда (Жафар Садыққа қол берген екі жылы) Нуғман опат болатын еді» — деген.
Ұлағатты сөздері
Намаз – тақуа мұсылманның Иесіне жақындауы.
Қажылық – кедейдердің жиһады.
Ораза – дененің зекеті.
Рызықты садақа берумен көбейтіңлер, мал дүниені зекетмен сақтандырыңыздар.
Үнемдеген мұқтаж болмайды.
Достық ақылдың жартысы.
Ата – анасыны ренжіту, оларға қарсы келумен бірдей.
Бақытсыз жағдайға жолыққанда (сабыр сақтамай) қарсылық көрсеткен сауабын жоғалтады.
Алла Тағала сабырды қыйыншылыққа қарай, рызықты еңбекке қарай береді.
Қайтыс болуы және қасиетті қабры
Жафар Садық (рах.) һижри 148 (м.765) жылы Шәууал айында 68 жасында Медина Мунәууарада қайтыс болды. Әкесі жерленген Бақи қабрыстанына жерленген.