Рухани жағы
Хазірет Сүлеймен Хилми Тұнахан амалда ханафи, сенімді матуриди мазхабын, тасаууфта нақшибандия жолын ұстанды. «Әһли сүннет уәл-жамағатқа» қатты байланған еді. Өзінен тәрбие алған шәкірттері мен уағыз, сұхбаттарына қатысқандарға айтатын ең үлкен өсиеті, әһли сүннет уәл-жамағат ақидасын берік ұстану болатын.
Алланың жазуымен Силсила Саадаттың (Рухани шежіре) 33-ші әрі соңғы мүшесі болды. Осы шежіренің 32-ші алқасы хазірет Салахуддин Ибн Мәуләна Сиражуддиннен (қ.с.) рухани тәрбиесін тәмамдаған соң, рухани кемелдігі жоғары болуы себепті, хазірет Салахуддин (к.с.) оны хазірет Имам Раббани Ахмед Фаруқ Сәрһәндидің рухани тәрбиесіне тапсырды.
Дүниенің соңы жақындаған уақытта, Алланың нұрынан нәсібі барларды күпірлік шұңқырынан, иман, ықылас биігіне көтеріп келеді. Бұл қызметі әлі де жалғасын табуда.
Хазірет Сүлеймен Хилми Тұнаханның шәкірттері мен ұстаздарына, оларға ергендерге «сүлейменші» деп айтылса да, бұл толығымен ойдан шығарылған атау және «сүлейменшілік» деген дін, мазхаб немесе бір тариқат әсте болған емес.
Күпірліктің әр түрі жайлаған уақытта, үлкен қызмет атқарған Ислам ғалымы Сүлеймен Хилми Тұнахан (к.с.), “Әһли сүннетті” қызғыштай қорып, адасқан топтармен және мұсылмандар арасындағы бүліктерге қарсы күресті. Ол Ислам әлеміне, мұсылмандарға былай дейтін:
«Уа, Ислам жамағаты! Біз тірі тұрғанда Алла Расулының сахабаларын жалғаншы деп, оларға жала жабамыз деп ойлайсыңдар ма? (Мұндай ойға түспеңдер.) Өйткені біз (Әһли Сүннет жамағаты) тіріміз».