Бақилық болуы және мүбарак қабірі

Хазірет Сүлеймен Хилми Тұнахан (к.с.) 1959 жылы 16 қыркүйекте (хижра 1379, 13 Рәбиғуләууәл) сәрсенбі күні екінді намазынан кейін Қысықлыдағы үйінде 72 жасында мәңгілік өмірге аттанды (қаддәсаллаһу сиррахул әғаз). Бірақ қызметі мен рухани тәрбиесі бұрынғыдай жалғасын тауып келеді.

Сүлеймен Хилми Тұнахан (к.с.), Стамбулдың Фатих ғұламаларынан саналғандықтан, Фатих мешітінің ауласындағы қабірге жерленуі үшін министрліктен рұқсат алынады. Бірақ, сол кездегі Ішкі Істер Министрі Намык Гедиктің қарсы болуына байланысты, Қаражаахмед зиратына, полицияның қазып, дайындап қойған жеріне жерлеуге мәжбүр етеді. Ал қазірде жеті мәрмәр бағананың үстіне орнатылған, айналасы ашық күмбезді мүбарак қабірі, бүгінде дүниенің түкпір-түкпірінен келген мұсылмандардың зиярат ететін орнына айналды.

Алла Тағала барша мұсылмандарды шапағатына бөлесін.