ШЕЙХ ШӘМСУДДИН ХАБИБУЛЛА (қ.с.)

Силсиленің жиырма жетінші алқасы Мәулана Шәсуддин Хабибулла (қ.с.) һижри 1111 (м.1700) немесе һижри 1113 жылында жұма күні дүниеге келді. Аты; Мырза (немесе Махзар) Жаны Жанан. Шежересі жиырма сегізінші атада Мұхаммед Ханафия (рах.) мен Алиге (р.а.) барып қосылады. Атасы үлкен мемлекеттік қызметкер болып, көркем ахлақты, кең пейілді, әділ, батыл, жомарт және дінді толық ұстанатын еді. Әкесі Мырза Жан дүниелік мақам масапты тастап, пақырлық мен қанағатты таңдады. Байлығын пақырдер мен мискіндерге Алла рызалығы үшін таратып берді.

Қайтыс болуы және қасиетті қабры

Һижри 1195 (м.1781) жылы Мухаррам айының 11 күні, үш кісі Мәулана Шәмсуддин Хабибулланің (қ.с.) үйіне келіп есігін шалды. Қызметшысы ол кісіге, үш кісі келгендігін айытты. Рұқсат берген соң, алдына үш мәжуси (отқа табынушы) кірді. Мәулана Шәмсуддин Хабибулла (қ.с.) орнынан турып оларның алдына шықты. Келгендерден бірі: — Мырза Жаны Жанан сіз болсыз ба? – деп сұрады. – Иә мен боламын – деді. Қасындағы екеуіде: — Иә, Мырза Жаны Жанан осы – деп айтасалысы мен, жанынан қанжар шығарып жүрегі қасынан жаралады. Үш күн өткенен соң, Ашура күніне тура келген Жұма күні ақшам уақыты екі үш рет терең дем алғанан соң аманатын тапсырды. Дели қаласына жерленген.